Баянаул в литературе

Содержание
1. История Баянаула в литературе 2. Книги авторов Баянаульского района 3. Книги, посвященные знатным людям Баянаула 4. Баянаул в художественной и документальной литературе
Книги авторов из Баянаульского района

Аймауытов Ж., Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013 *

Аймауытов Жүсіпбек, Күнікейдің жазығы / Ж.Аймауытов. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. – 176 бет

Аймауытов Жүсіпбек, Шернияз: пьесалар жинағы / Ж.Аймауытов; құраст. Б.Құндақбаев. – Алматы: Өнер, 1990. – 336 б.

Акишев Зейтин, Акбельский перевал: роман; пер. с каз. И.Щеголихина. – Алма-Ата, 1975. – 208 с. *

Ақышев Зейтін, Ақбел асуы: роман/ / З.Ақышев. – Алматы: Жазушы, 1971. – 240 бет*

Ақышев З., Бәрі де есте: повестер мен әңғімелер / З.Ақышев. – Алматы: Жалын,1982. – 192 бет *

Жазушы З.Ақышевтің жаңа кітабына «Бәрі де есте», «Ажар» повестері мен бір топ әңгімелері отыр. Алғашқы повесте жиырмасыншы жылдардағы ауыл жастарының білім алуға деген құштарлығы нанымды суреттелсе, екінші туындыға мұғалима Ажардың педагог ретіндегі игі талпынысы және бала тәрбиесіндегі кейбір қиындықтар арқау болған.

Ақышев Зейтін, Бұршақ соққан жер: роман / З.Ақышев. – Алматы: Жазушы, 1976. – 224 б.*

Ақышев З., Жабай: деректі повесть / З.Ақышев. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2009. – 120 б. + 24 б. Жапсырма*

Көрнекті жазушы Зейтін Ақышевтің бұл деректі повесі халық әндерінің аса шебер орындаушысы, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген артісі Жабай Тоғандықовтың шығармашылық өмір жолы туралы қызғылықты әңгімелейді.

Ақышев З., Жаяу Мұса: роман / З.Ақышев. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2011. – 456 б.

Ақышев З., Иманжүсіп: роман / З.Ақышев. - Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2003. – 416 б. *

Алпысбес М.А., Қазақ шежіресі: тарихнамалық-деректанулық зерттеу: монография / М.А.Алпысбес. – Астана: «BG-Print» ЖК, 2013. – 380 б.

Қітаптың негізгі мәселесі – шежіре тарихнамасы мен деректері. Қазақ шежірелері генеалогиялық ақпарат жүйесін, дәстүрлі тарихи сана мен тарихи таным кешенін құрайды. Еңбектің теориялық және методологиялық іргелі негізі ретінде тарихнамалық зерттеулер, деректану саласы бойынша жасалған отандық және шетелдік ғалымдардың салмақты тұжырымдары, ғылымда қалыптасқан тарихи-деректік сыныптау жүйесі алынған, талдаулар жасалынған. Шежірелерде көне аңыздар, жер-су аты туралы, халықтың шығу тегі, рулардың қалыптасу тарихы туралы мәліметтер бар. Халықтың әйгілі тұлғалары – билер, хан, сұлтандар, мырзалар, батырлар, атақты ақындар туралы деректі де тек шежіре арқылы табуға болады. Халық шежірелері, ескі сөзі мен тарихи жырлары – қазқ қауымының рухани өмірі мен тұрмыс-тіршілігі туралы шындықты айтатын маңызды дерек көзі.

Әбенов Аухан (Әбуғали), Жыр перне / А.Әбенов. – Павлодар, 2010. – 193 б. *

Бұл кітапта адамның қоғамдық өмірдегі ақыл-ой дүниесі мен еңбек жолдары нанымды жырланады. Жеке бастың артықшылығы мен кемшіліктері көрсетіліп, отаншылдық, рухани тазалық насихатталады. Қарапайым халықтың жасампаздық күшінің тарихи орыны баяндалады. Сыни пікірлер көрініс береді. Тәрбиелік көзқарас пен философиялық түйіндеулер басым.

Әбен Қайрат Мұзапарұлы, Есімі ел есінде / Қ.М.Әбен. – Павлодар, 2010. – 123 б. *

Әбілев Д., Бес томдық тандамалы шығармалары. 1 т. Сұлтанмахмұт арманы: роман-трилогия. 1-ші кітап / Д.Әбілев. – Астана: Фолиант, 2005. – 384 б.

Әбілев Д., Бес томдық тандамалы шығармалары. 2 т. Сұлтанмахмұт арманы: роман-трилогия. 2-ші кітап / Д.Әбілев. – Астана: Фолиант, 2005. – 432 б.

Әбілев Д., Бес томдық тандамалы шығармалары. 3 т. Сұлтанмахмұт арманы: роман-трилогия. 3-ші кітап / Д.Әбілев. – Астана: Фолиант, 2005. – 400 б.

Әбілев Д., Бес томдық тандамалы шығармалары. 4 т. Толғаныс толқыны: өлендер мен поэмалар / Д.Әбілев. – Астана: Фолиант, 2005. – 504 б.

Әбілев Д., Бес томдық тандамалы шығармалары. 5 т. Өлең өлкесі: өлендер / Д.Әбілев. – Астана: Фолиант, 2005. – 416 б.

Әбілев Д., Сұлтанмахмұт: роман-трилогия. Ақын арманы / Д.Әбілев. - Алматы: Жазушы, 1980. - 1- кітап. – 304 б.

Әбілев Д., Сұлтанмахмұт: роман-трилогия. Арман жолында / Д.Әбілев. - Алматы: Жазушы, 1980. - 2- кітап. – 344 б.

Әбілев Д., Сұлтанмахмұт: роман-трилогия. Баянауыл баурайында / Д.Әбілев. - Алматы: Жазушы, 1980. - 3- кітап. – 316 б.

Әбілев Д., Көп томдық шығармалар жинағы. Т.2: повесть, дастандар, толғау, арнау өлеңдер/ Д.Әбілев. - Алматы: Қазығұрт, 2007. - 312 б.

Әбілев Дихан, Таңдамалы. 2 томдық. 2 том: өлеңдер / Д.Әбілев. – Алматы: Жазушы, 1977. – 320 б. *

Әйткен Ж., Жыр жазамын жүрегімнен / Ж.Әйткен. – Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 104 б. *

Бұл жинаққа жас қаламгер Әйткен Жоламан пәк сезіммен, шалқыған шабытпен әр жылдары түрлі тақырыптарға жазған жауқазын өлеңдері енгізілді. Шығармалары негізінен туған жер, өскен ортаға арналған. Кітап сөз қадырын түсінер, жыр сүйер көпшілік қауымға арналған.

Әйткен Жоламан, Ғасырауған: жыр кітабы / Ж.Әйткен. – Қарағанды, 2019. -100 бет *

Әлкей Марғұлан. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 233 б. – (Кереку – Баян кітапханасы) *

Бұл кітапқа Ә.Марғұланның қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры, эпос туралы, сонымен қатар Қорқыт дәстүрлі жайлы еңбектері қамтылған.

Ән деп соққан жүрегі: Ақын, әнші, сазгер Баязитов Аман Игенұлының әндер жинағы. – Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 2013. – 76 б. *

Ақын, сазгер – сазгер, авторлық әндер фестивалінің лауреаты Баязитов Аман Игенұлының «Ән деп соққан жүрегі» атты кітабына ақынның туған еліне, жеріне арналған әні мен сөзі және ноталары енгізілген. Кітап ән сүйер қауымға, мектеп, колледж оқушыларына, көпшілік қауымға арналған.

Баязитов Сүлеймен, Елсіздегі елес / С.Баязитов. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 230 б.*

Баязитов С., Жаралы жердің жанары. 2 кітап: Тамыздағы тамұқ / С.Баязитов. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 158 б. *

Жаралы жердің жанары» жазушының екі кітаптан тұратын шығармалар жинағының алғашқы кітабы. Жинаққа «Шағын әңгімелері» енгізіліп отыр. Автор қазақ әйелінің тағдырын тілге тиек, ойға арқау ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынас, махаббат пен зұлымдық, достық пен қастық, пейіл мен мейір мәселесін көтереді

Баязитов Сүлеймен, Алаш арыстары / С.Баязитов. – Астана: Фолиант, 2012. – 344 б. – (Ертіс-Баян кітапханасы)

Баязитов С., Мәшһүртану өрісі: оқу құралы / С.Баязитов. – Павлодар: Кереку,2009. – 60 б.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сүлеймен Баязитовтың «Мәшһүртану өрісі» атты жинағына жазушының Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын талдаған танымдық материалдары енгізіліп отыр. Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге, ізденушілерге, қалың оқырманға арналған.

Баязитов С., Пайымдау / С.Баязитов. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2007. – 99 б. *

Баязитов С., Поэмалар мен Аудармалар / С.Баязитов. – Павлодар: Сытина баспаханасы, 2014. – 220 б.*

Баязитов Сулеймен, Хан Ием / С.Баязитов. – Павлодар: ЭКО, 2005. – 96 б. *

Жинаққа ақын С.Баязитовтың тарихи тұлғалалға, тарихи кезеңдерге арналған өлеңдері, аңыздары, балладалары, триптихтері еніп отыр.

Бәкіров Самат, Өмірге менің өкпем жоқ: Генерал жазбалары / С.Бәкіров. – Қостанай, 2007. – 283 бет *

Бәтенов Жүрсін, Жұлдыз – ғайып, өмір – ғапыл: жыралары, арнаулары, өлеңдері / Ж.Бәтенов. – Павлодар: ЭКО, 2006. – 226 бет *

Бейсекеев Жолдас, Менің өмірім = Моя жизнь / Ж.Бейсекеев. – Екібастұз, 2017. – 128 б., фотосурет *

Бекішбек Зарубай, Өмірім саған туған жер: өлеңдер/ З.Бәкішбек. – Қарағанды, 1998. – 123 бет *

Бекмаханов Е., Қазақ ССР тарихы: 9-11 кластарға арналған оқу құралы; орысша аударған Б.Дүкенбаев / Е.Бекмаханов. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1963. – 183 б. *

Бекмаханов Е., Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында / Е.Бекмаханов. – Алматы: Санат, 1994. – 416 б. *

Бекмаханов Е., Казахстан в 20-40 годы XIX века: учебник / Е.Бекмаханов. – Алма-Ата: Қазақ университеті, 1992. – 400 с. *

Бекмаханов Е., Очерки истории Казахстана ХІХ в.: пособие для учителей / Е.Бекмаханов. – Алма-Ата: Мектеп, 1966. – 191 с. *

Бекмаханов Е., Бекмаханова Н., История Казахской СССР / Е.Бекмаханов, Н.Бекмаханова: учебное пособие для VII-VIII классов; под ред. Т.А.Найзагарина. – 15-е изд. – Алма-Ата: Мектеп, 1976. – 106 с. *

Бектуров А.Б., Исследование химии и химической технологии термофосфатов / А.Б.Бектуров. – Алма-Ата; АН КазССР, 1947. – 215 с. *

Ғалымов Тілеубек, Негр бала: әңгіме / Т.Ғалымов. – Павлодар, 2008. – 168 бет *

Ерботин Есентай, Далаға саяхат: өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпәштар / Е.Ерботин. – Алматы: Жалын, 1991. – 80 бет *

Ерботин Есентай, Менің досым: өлеңдер / Е.Ерботин. – Алматы: Жалын, 1984. – 31 бет *

Жұмат Шанин. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 197 б. – (Кереку-Баян кітапханасы) *

Бұл кітапқа Жұмат Шаниннің «Қазақтың мемлекет театры» атты мақаласы мен «Арқалық батыр» пьесасы қамтылған

Жүнісбекова Л.Т., Алаш аты мәңгілік / Л.Т.Жүнісбекова. – Павлодар:ЭКО, 2018. – 90 бет. *

Заитова Гүлден, Киелі жер / Г.Заитова. – Баянауыл, 2017. – 71 бет *

Исабаев Қ., Арна: роман / Қ.Исабаев. – Алматы: Жазушы, 1984. – 320 б. *

Исабаев Қалмұқан, Бақытты сәттер: өмір баяндық повесть, эссе-әңгімелер / Қ.Исабаев. – Алматы: Жалын, 1989. – 288 б.

Исабаев Қ., Мұндайлар болған: повестер / Қ.Исабаев. – Астана: Елорда, 2003. – 232 б.*

Исабай Қ., Алғы шепте / Қ.Исабай. – Алматы: Санат, 2005. – 240 б.*

Исабай Қалмұқан, Ұстаздар жолы / Қ.Исабай. – Алматы, 2010. – 632 бет, фотосурет

Исабай Қ., Шоң би: трилогия / Қ.Исабай. - Астана: Елорда, 2005. – 672 б.

Исабаеа Калмукан, На перепутье: роман / К.Исабаев; пер. с каз. Г.Максимова. – Алма-Ата: Жазушы, 1981. – 304 с. *

Исабаев К., На стыке судеб. – Алма-Ата: Казахстан, 1969. – 139 с *

Қабділәшім Еламан, Өмірқос : өлеңдер/ Е.Қабділәшім. – Қарағанды: Болашақ, 2018. – 142 бет

Қалқаманұлы Б., Ай, Абылай, Абылай!: Толғаулар / Б.Қалқаманұлы. – Алматы: Жалын, 1993. – 96 б.*

Кемеңгерұлы Қ., Тандамалы / Қ.Кемеңгеров. – Алматы: Қазақстан,1996. – 296 бет. – («Тарихи тұлғалар» сериясы)

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937) – 1916-1919 жылдары Алаш қозғалысына белсене атсалысқан, Алашорданың тынысы «Жас азамат» газетінің редакторы болған қайраткер-қаламгер. Ол 1924 жылы Ташкентте «Сана» журналына редакторлық етеді, 1924-1925 жылдары «Ақ жол» газетінде қызмет істейді. 1928-1930 жылдары САГУ-дың аспирантурасында оқиды. 30-жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырап 1937 жылы Омбыда нақақтан атылды.

Кемеңгерұлы 20-30-жылдары көрнекті драматург, жазушы көсемсөзші ретінде танылды. Оның артында қалған шығармашылық мұрасы бай, бірақ соңғы кезге дейін арнайы зерттеле қойған жоқ. Қолдарыңыздағы кітапқа жазушының тарихи-танымдық еңбектері, мақалалары, сондай-ақ «Қазақ тарихынан», «Бұрынғы езілген ұлттар» секілді сүбелі зерттеулері еніп отыр. Кітап Кемеңгерұлының 100 жылдық мерейтойына арналады. Әдеби-көркем басылым.

Кемеңгеров Қ., Таңдамалы / Қ.Кемеңгеров. – Алматы: «Өлке» баспасы,2002. – 240 б. *

Көшке Кемеңгерұлы(1896-1937) -1916-1919 жылдары Алаш қозғалысына белесіне атсалысқан.Кемеңгерұлы 20-30 жылдары көрнекті драматург,жазушы көсемсөзші ретінде танылған. «Алаш мұрасы» сериясы бойынша шығарылып отырған бұл кітапқа жазушының тарихи-танымдық еңбектері,мақалалары,сондай-ақ «Қазақ тарихынан», «Бұрынғы езілген ұлттар» секілді сүбелі зерттеулері еніп отыр.

Кемеңгерұлы Қ., Үш томдық шығармалар жинағы / Қ.Кемеңгерұлы. – Алматы: Алаш, 2005 *

Кемеңгерұлы Қ., Үш томдық шығармалар жинағы / К.Кемеңгерұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013

Кенжетайұлы К., Егер сурет сөйлесе... / К.Кенжетайұлы. – Алматы: Алаш, 2004. – 480 б. *

Бұл жинаққа қазақ театр өнерінің майталман санлақтарының бірі, әйгілі актер Кәукен Кенжетайұлының әр жылдарда жазылған өз шығармалары (өлеңдері, аудармалары, әріптестерінің әзіл-қалжындарынан жиған-тергендері) және Ол (Кәукен) туралы жазылған мақалалар фото-суреттер топтастырылған.

Көпеев М.Ж., Екі томдық. Т.2 / М.Ж.Көпеев. – Алматы:Ғылым,1992. – 224 б. *

М.Көпеевтің шығармалар жинағының екінші томына оның өзі жинаған халық әдебиетінің ең асыл үлгілері енгізілді. Олардың ішінде аңыз, әңгіме, ертегілер, айтыс та, эпостық жырлар да бар. Жинаушының бұл еңбегі қазақ фольклорына қосылған елеулі үлес болып табылады, онда айтылған сөздер жұртшылықты кісілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді. Кітап көпшілік өқырманға арналған.

Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп, Ит дүние: таңдамалы / М.Ж.Көпейұлы. – Алматы, 2008. – 415 б., ил.

Күлжанов Мұқатай, Ғұмыр – Белең / М.Күлжанов. – Павлодар: Сытин баспаханасы, 2015. – 246 б. *

Маргулан А.Х., Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана / А.Х.Маргулан. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 360 с., ил.

Маргулан А., Труды по культуре письменности казахского народа / А.Маргулан. Т.8. – 2-е изд., доп. – Астана: Алтын кітап, 2007. –– 264 с. (Библиотека казахской этнографии) *

Впервые в печати публикуется рукопись, посвященная культуре письменности казахских племен населявших территорию Казахстана в историческую эпоху.

Марғұлан Ә., 9 томдық шығармалар жинағы / Ә.Марғұлан. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2007-2011